№10 жалпы білім беру орта мектебі
"Ботақан" жазғы келейдоскоптын
Қосқан Автор   
13.06.17 11:34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теңіз жағалауы

 

 

Соңғы өзгертулер 13.06.17 11:49
 
«2017 жылдың жазғы демалысы кезінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру» мектеп бағдарламасы
Қосқан Автор   
12.06.17 10:16

Кіріспе:

Жаз–аяқталған оқу жылымен алдағы оқу жылының арасындағы алтын көпір секілді. Жазғы демалыс жүйесінің тәрбиелік маңызы сонда–ол оқушылардың бос уақытын әсерлі,тартымды етіп өткізіп, педагогикалық жағынан мақсатты болуына жағдай жасайды, олардың денсаулығын нығайтады, жаңашылдыққа ұмтылған қажеттілігін қанағаттандырады, шығармашылық жағынан өзін-өзі танытады, еңбек, таным ,өнер, мәдениет, ойын және жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнына нықтайтын басқа да  салалар  бойынша әртүрлі мазмұндағы қарым-қатынасты қалыптастырады. Жазғы демалыс–бұл тек әлеуметтік қорғау ғана емес,балалардың шығармашылық дамуына мол мүмкіндік,олардың ақыл-ойымен рухани әлемінің баюы, адамдармен араласып, танысу қуанышы, жаңа идеялардың оянып,шығармашылыққа білетінін ашылуы. Мектептегі жазғы лагерь жұмысының барлық бағыттары–дене шынықтыру-сауықтыру жағы болсын, туристік-экологиялық жағы болсын, еңбекке баулу болсын, қай-қайсысы да танымдық сипатқа ие.

Баланың жазғы демалысы көңілді өтуінің маңызы өте зор екеніне ешкім де таласа қоймасы анық. Сергек, жағымды әсерлі көңіл күй–жазғы уақытта балалармен жұмыс жасаудың басты шарттарының бірі. Жаз кезінде балаға оқу жылындағыдай  міндеттер мен нормалар, тапсырмалар жүктеліп,шектеулер мен тыйымдар салынып, ауыр жүк артылмауы керек.

Жаз–демалыс кезеңі,сондықтан балалар  арқа-басын кеңге салып,еркін өмір сүргенді қалайды.Жаз–көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал ететін кез.Бұл уақыт баланың өз іс-әрекеттеріне ешкімге жалтақтамай, тәуелсіз баға беруіне, ортақ «БІЗ» контексіндегі өзіндік «МЕНін» ұғынуына себеп болады.

Оқу жылы бойы күнделікті жүріс-тұрысымен әрбір іс-әрекеті қатаң қадағалауда болған балалар жазда уақытша болса да бірден- бір неше әлеуметтік рөлге енеді. Бұл кезеңде бұрынғы үлкендермен және өзінен дәрежесі жоғарылармен арадағы қарым-қатынас тепе-теңдігі (субординациялық), ұжымдық (кооперативтік), үйлестірушілік (координаторлық) байланыстар бұзылады да, маңыздылығы олардан бірде кем емес, жаңа байланыстар пайда болады. Бала қажеттілігіне қарай өзіне таныс емес, жаңа топтарға кіреді, жаңа дәрежеге ие болады, өзінің тұлғалық келбетін өзгертуіне мүмкіндік алады.

Ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына және баланың мектептегі оқу үлгеріміне қарамастан, жаз барлық балалардың сан қырлы талантын танытуға мүмкіндіктер береді.

Жазғы уақыт балалардың әлеуметтік жағынан бір-бірімен теңесіп, жағымды қарым-қатынаста болуына қолайлы әсер етеді. Бұл бүгінгі таңда балалар арасында әлеуметтік жағынан ұнамсыз құбылыстардың көбейіп кеткен кезінде ерекше маңызға ие.

Жазғы уақыттағы балалар мен жасөспірімдердің қараусыз, қадағалаусыз қалуы балалардың өздеріне де, олардың ата-аналарына да көптеген проблемалар туғызады.

Мектеп жанындағы лагерьде балалар оқу жылы бойына иығына түскен ауыр жүк тен арылып, шаршағанын басады, денсаулығын түзейді, қарым-қабілеттерін дамытады, өздерінің қызығушылықтарын қанағаттандырады, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды.

Біздің мектеп жанындағы лагерьдің қызметі осы бағдарламамен Ережеге сәйкес жүргізіледі. Мұнда балалардың денсаулығын нығайтып, сауықтыру және интеллектуалдық-танымдық бағдарламалармен қатар оларды әлеуметтік қарым-қатынасқа бейімдеу тәсілдері, еңбекке, шығармашылыққа баулу жұмыстары жүзеге асырылады.

Лагерьде «Тұлпар» аула клубының үйірме жұмыстарын жүргізуде жоспарланған.

Әрине,«Жарқын жаздың» алдын-ала жазылып қойған дайын рецептісі еш жерде жоқ. Дегенмен, біздің мектептің мұғалімдері оқушылармен өзара тіл табысу мен көтеріңкі көңіл-күй жаздың көңілді өтуіне кепіл болатынына сенімді.

Туындаған мәселелер және оларды бағдарламалық әдістер мен шешу негіздері

Соңғы жылдары мектеп жанындағы күндізгі жазғы лагерьлерді ұйымдастырушы мекемелерге баса мән берілуде. Экономикалық және әлеуметтік жағдайлары қиын отбасылар көп болғандықтан, олар балалардың тәрбиесімен бос уақытын тиімді өткізуде өте маңызды қызмет атқарады.

Ақиқатын айтқанда, білім беру жүйесі әлі күнге дейін балалардың демалысымен  денсаулықтарын  нығайтатын  ең  басты ұйымдастырушы  сала  болып қалып  отыр.Сонымен қатар,лагерьлер балалардың  бойында ұжымшылдық, қарым-қатынас, байланыс (коммуникативтік) дағдылардың қалыптасуына жағдай жасайды. Қазіргі жазғы демалыс–  оларды  әлеуметтік  жағынан  қорғау  ғана емес, баланың шығармашылық дамуына, рухани  өрісі  мен ой-санасының,  таным-түсінігінің  дамуына  мол  мүмкіндік.

 

Бағдарлама балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, демалыспен қамтылған балалар санының өсуі сияқты мәселелерді  кешенді  түрде  шешуді  қарастырады. Бағдарлама жазғы демалыс кезінде  оқушылардыңжайлыдемалысын  ұйымдастыру мен олардысауықтыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.\

«2017 жылдың жазғы демалысы кезінде балалардың сауықтыру демалысын бос уақытын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру» мектеп бағдарламасының

т  ө  л  қ  ұ  ж  а  т  ы

1.Бағдарлама

«2017 жылдың жазғы демалысы кезінде балалардың сауықтыру демалысын  бос уақытын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру»  мектеп бағдарламасы

2. Негізгі бағдарламаның жасалу

Қазақстан Республикасының заңы  «Балалардың құқығы» (2007ж)

Қазақстан Республикасының заңы  «Білім туралы  » (2007ж)

Қазақстан Республикасының заңы  «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы»

ҚР 2011-2020ж.ж. білім дамудағы мемлекеттік бағдарлама

16 мамыр 2016ж №151 «ҚР премьер Министрінің жарлығы»  «2017-2019ж.ж. жазғы демалыс кезіндегі балалардың сауықтыру демалысын  бос уақытын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру туралы»

ҚР үздіксіз білім алу жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы (2009ж) 09.03.2017ж. №475

Ақтау қаласы әкімінің қаулысы

3. Бағдарламаның мақсаты

Мектеп оқушыларының жазғы демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру мәселесін кешенді шешу олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық базасын жақсарту. Бағдарлама осындай негізгі міндеттердің шешуін қарастырады.:

-жазғы демалыс кезінде мектеп оқушылардың денсаулығын бекіту және бос уақытын ұйымдастырудағы тиімді жағдай жасау

-балаларды сауықтыру мен мектеп жанындағы жазғы лагерьді ұйымдастыру формасын және мазмұнын жаңарту

-мектеп жанындағы жазғы кадрлық қамтамасыз етудің деңгейін арттыру

-өзімен, адамзатпен және қоршаған ортамен мейірімділік қарым-қатысты қалыптастыру

-каникул кезінде камелетке толмағандардың әлеуметтік және саяси жұмыспен қамтамасыз етуін ұйымдастыру

-балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін және дене шынықтыруды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау

-шығармашылық белсенділігін, азаматтылық пен ұлтжандығын көрсету, адамға мүмкіншілігіне қарай көмек көрсету, туысы мен жақындарына қамқорлық көрсету, адамгершілікті таңдауда дайындығын көрсету, сөздеріне, ойларына және істеріне жауапты екендігін көрсетуу

4.бағдарламаның міндеттері

«ҚР-сындағы балалар құқықтары туралы» Заңының 19-бабына «Баланың дем алуға және бос уақытының құқығы»сәйкес балалардың өмірін сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

-баланың  сауықтыруының, демалуының және бос уақытының құқығын қамтамасыз ету үшін аймақтық (туристік, спорттық, шығармашылық ұйымдар балалар мен жастар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері)инфрақұрылымның мүмкіндігін барынша қолдану

-2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудағы мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық бағыттарына сәйкес іс-шаралардың мазмұнын азаматтық-патриоттық бағытта қамтамасыз ету

-жазғы демалыс кезінде балалардың демалу, сауықтыру және жұмыспен қамту үшін қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету

-әрбір адамның табысты жеке дамуына ықпал ететін тәрбиелік және білімділік орта құру

-балалардың салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, денсаулығын нығайту, спорт түрлеріне қызығушылығын енгізу

-қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру

5.Іс- әрекеттің бағыттары

-патриоттық

-эстетикалық

-рухани-адамгершілік

-шығармашылық

-спорттық-сауықтыру

-экологиялық

-қауіпсіздік

-интернационалдық

6. Бағдарламаның іске асыру мерзімі

II-III кквартал2017ж

7.Бағдарламаны орындаушылар

№10 жалпы білім беру орта мектеп КММ әкімшілігінің бұйрығымен белгіленген тәртіппен айқындалады

8.Бағдарламаны дайындаушылар

Комордина Л.А. мектеп жанындағы «Ботақан» лагерінің директоры

9. бағдарламаның  жоспарланған қорытындысы

-балаларды сауықтыру үшін қолайлы жағдайлар жасау

-балалардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру

-балаларды сауықтыру және жазғы демалысты ұйымдастыру материалдық-техникалық базаны жетілдіру

-балалар мен жастардың әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың өсу қарқынының төмендеуі

-балалар мен жасөспірімдерді ұйымдасқан демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамтамасыз ету формаларымен 100% деңгейінде қамту

-адамның ішкі және сыртқы дүниесінің өзара байланысын түсіну қабілетін ашу, оныңтабиғатпен бірлігі; дене және рухани денсаулығының өзара тәуелділігі, өзінің жеке және психикалық жағдайын салауатты өмір сүру салтын негізге ала отырып реттеу

-күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде шығармашылық белсенділікті  байқау қабілетін дамыту; ұжымда жұмыс істей білу; моральдық нормаларға сәйкес жоспарланған міндеттерді сындарлы шешу үшін топта, командада жұмыс істей білу

10. Аусым саны

4 аусым1) 02\06 - 16\06;  2) 18\06 - 02\07;  3) 04\07 - 18\07;   4) 19\07 - 03\08.

11.  Балалар саны

Бір аусымда; 165 бала бюджет арқасында және 35 бала ата-аналар арқасында

Барлығы жаз кезінде : 660 бала бюджет арқасында және 140 бала ата-аналар арқасында

12.Аз қамтылған отбасы балаларының саны

660 бала

13. Жасы

6-12жас

14.Мұғалімдер мен дәрігерлер саны

14 педагог қызметкерлер, 2 медицина қызметкерлер

Бағдарламаның орындалуын бақылауды ұйымдастыру

Бағдарламаның орындалуын қадағалау№10 жалпы білім беру мекемесінің әкімшілігі

Бағдарламаның іс-әрекет этаптары

I-этап

Дайындық

сәуір,

мамыр

II- этап

Ұйымдастыру

мамыр

III- этап

Практикалық

маусым

шілде

тамыз

IV- этап

Аналитикалық

Бағдарламаның іс-әрекет формасы

Мекеме формасы

мерзімі

жауапты

1.

Мектеп жанындағы лагерь

01.06 - 02.08.17

Комордина Л.А.

2.

Спорттық алаң

01.06 - 03.08.17

Лагерь дене шынықтыру жетекшілері «Тұлпар»аула-клубы

3.

«Тулпар»аула-клубының шығармашылық үйірмесінің жұмысы

Маусым-шілде

Тажрибаева М.

Соңғы өзгертулер 12.06.17 10:20
 
№10 жалпы білім беру мектебінің жанындағы «Ботақан»жазғы сауықтыру лагерінде 1-аусымдағы жүргізілетін іс-шаралардың жоспа
Қосқан Автор   
12.06.17 10:11

Мерзімі

Күннің атауы

Тәрбиешілердің іс-шаралары

Тәлімгерлердің іс-шаралары

Жауаптылар: музыкант тәлімгер,тәрбиеші,дене тәрбиесі мамандары

1-күн

Бейсенбі

01.06.17.

«Балаларды қорғау күні»

1. «Өзің туралы айт»шарасын ұйымдастыру.

2.Отряд бұрыштарын ойластыру. (отрядтың аты,ұраны,шумақтыұраны, әні,командирі)

3.Сәлем «Ботақан»балаларды қабылдау,танысу,дәрігерлік тексеруден өту, күн тәртібімен,лагердің ережесімен,жұмыс жоспарымен  таныстыру

1. «Жайлылық»   шарасы.  Балалармен кездесу, оларды отрядқа бөлу,шумақтыұранды үйрету.

2.Таза ауада демалу

3.Ұран мен лагерьдің гимнін үйрету.

4.Талантты балалар жайлы ақпарат жинау.

5.«Демаламыз,күлеміз.Көңілді жазды сүйеміз» танысу мерекесіне дайындық

1.Денсаулық минуты

2.Спорт таланттыларын жинау

2-күн

Жұма

02.06.17.

«Сиқырлы әлемге саяхат»

1.Сергіту  жаттығуларын  жасау.

2.Суреттер  сайысын  өткізу

«Жазғы табиғат»

3.Таза ауада серуендеу

1.«Болашақ біздің қолымызда» аусымның ашылу салтанаты

2. Ұран мен лагерьдің гимнін үйрету.

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Отрядпен қадам басу (маршировка)

3.Отряд командирінің рапорт беру

3-күн

Сенбі

03.06.17.

«Шаттығымыз жарасқан»

1.Лагерьдің ашылу салтанаты

2.Өнерпаздар   концерті

3.Таза ауада серуендеу

1.Рапорт беру рәсіміне дайындау

1.Ертеңгілік жаттығуы

4-күн

Жексенбі

04.06.17

«Ерікті ойындарды бастаймыз»

1.«Көңілді старт»ойынын өткізу

2. .Таза ауада  ойындар  өткізу.

«Айгөлек», «Аңшылар» ойындарын үйрету

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Көңілді старт

5-күн

Дүйсенбі

05.06.17

«Игі істер алға!»

1.Психологиялық  тренингтер, жаттығулар.

2. «Флешмоб» топ аралық сайыс өткізу

3.Таза ауада  ойындар  өткізу.

1.Психологиялық  тренингтер, жаттығулар.

2. .«Флешмоб» топ аралық өткізуді қадағалау

3.Таза ауада  ойындар  өткізу.

1.Ертеңгілік жаттығуы

2. .«Флешмоб» өткізу.

6-күн

Сейсенбі

06.06.17

«Әсем ән мен тәтті күй»

1.«Жаз аруы 2017» сән әлемі арулар сайысы

2.Көңілді ойындар

3.Таза ауада серуендеу

1.«Жаз аруы 2017»сән әлемі арулар сайысына дайындау

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Дойбыдан сайыс өткізу

7-күн

Сәрсенбі

07.06.17

«Мейірім шуағын төгейік!»

«Ақ  күмбезді Ақтауым»  суретшілер  сайысы

2.  Медбикемен  кездесу.«Жұқпалы   аурулар» әңгіме

3 Таза ауада  ойындар  өткізу.

1.  «Ақ  күмбезді Ақтауым»  суретшілер  сайысы

2.  Медбикемен  кездесу.«Жұқпалы   аурулар» әңгіме

3.  Таза ауада  ойындар  өткізу.

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Теңізге бару

3.Конкурс «Кім епті?»

1)допты алысқа лақтыр

2)орнында тұрып секіру

8-күн

Бейсенбі

08.06.17

«Ойыншықтар әлемі»

1.«Мен жақсы көретін ойыншық»(әр бала өзінің жақсы көретін ойыншығын әкелу, оны әңгімелеу)

2.Кабинеттер сайысы

3. Ойыншықтар көрмесін ұйымдастыру

4. «Бантиктер күні» ұйымдастыру

1. .«Мен жақсы көретін ойыншық»(әр бала өзінің жақсы көретін ойыншығын әкелу, оны әңгімелеу)

2. Ойыншықтар көрмесін ұйымдастыру

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Шахматтан жарыс

9-күн

Жұма

09.06.17

«Әдемі көзқарастар»

1.Фото көрмесін ұйымдастыру

2.Фотолардан газет шығару

3.Таза ауада серуендеу

1. Фото көрмесін ұйымдастыру (үйлерінен фото суреттерін әкелуді ескерту)

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Теңізге бару

10-күн

Сенбі

10.06.17

«Қош келдің, ЭКСПО2017»

1.Техникалық қолөнер шығармашылық  көрмесін ұйымдастыру.

2.Табиғи материалдардан макет жасау

3. Халықтар  Ассамблеясы

1.Техникалық қолөнер шығармашылық  көрмесін ұйымдастыру.

2.Шеберқолдар бұйымдарын жинау

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.«Тоғызқұмалақ»ойыны

жарыс

11-күн

Жексенбі

11.06.17

«Ақ көңіл, пәк сезім»

1.Техника  қауіпсіздік  ережелеріне  тоқталу.(инспектормен әңгіме )

2.   «Көңілді старт»ойыны

3.Таза ауада ойындар өткізу

Техника  қауіпсіздік  ережелеріне  тоқталу.(инспектормен әңгіме ) жол белгілерін көрнекіліктеріне көмектесу

2.   «Мен көшедемін»  тақырыбында  әңгіме  құрастыру Шығарма жаздыру

3.Таза ауада ойындар өткізу

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Көңілді старт

12-күн

Дүйсенбі

12.06.17

«Игіліктің ерте кеші жоқ»

1.Қайырымдылық туралы әңгіме өткізу. (соғыс ардагерлері, мүгедектер, қарттар үйі туралы)

2.Қайырымдылық туралы бейнетаспа көрсету

3.Таза ауада серуендеу

1. Қарттар үйіне соғыс ардагерлерібару.Имандылықты сезіндіру

2. Концерт қою

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Теңізге бару

3.Отрядпен қадам басу (маршировка)

13-күн

Сейсенбі

13.06.17

«Ертегілер әлемі»

1.Ертегілер  еліне  саяхат (көріністер  көрсету)

2.  «Жаны  саудың-дені сау»  медбике   әңгімесі

3.  Көңілді  ойындар  ойнату.

Ертегілер  еліне   туралы безендіру «Буратино», «Алдаркөсе», «Маша мен аю» т.б.

2.  «Жаны саудың-дені сау»  медбике   әңгімесі

3.  Көңілді  ойындар  ойнату.

1.Ертеңгілік жаттығуы

14-күн

Сәрсенбі

14.06.17

«Қошеметтер жауған сәт»

1.«Флешмоб»

2.

3.  Көңілді  ойындар  ойнату.

1.Отшашулармен безендіруді   ұйымдастыру

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.Теңізге бару

15-күн

Бейсенбі

15.06.17

«Қайырымды періштеге айналайық»

Өтілген шаралар туралы марапаттаулар

1. І ауысымның  жабылуы

2.Кинотеатрға бару.    .

3. Мерекелік  ас.

4. Гала – концерт.

1.І ауысымның  жабылуы

2. Кинотеатрға бару.

1.Ертеңгілік жаттығуы

2.І ауысымның  жабылуы

3. Кинотеатрға бару.

Соңғы өзгертулер 12.06.17 10:16
 
Информатика пәнінен олимпядан ынталандыру
Қосқан Автор   
12.05.17 12:05

 

Соңғы өзгертулер 12.05.17 12:14
 
1 мамыр күні
Қосқан Автор   
06.05.17 15:01

 

 

Соңғы өзгертулер 06.05.17 15:14
 
<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>

Бет 6 из 59