№10 жалпы білім беру орта мектебі
1 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы Республикалық ата-аналар конференциясы «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»
Қосқан Автор   
09.01.17 07:56

21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы   Республикалық ата-аналар конференциясы

«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»


Экранда (сахна) бірінші слайд:  Білім және ғылым министрлігінің, «Нұ Отанның»,  Отбасылық Тәрбиелеу Институтының логотиптері мен ата-аналар конференцияның тақырыбы.

10.00 Жиналыстың ашылуы.(15 минут). Конференцияны өткізіліп жатқан мектеп директоры ашады.

1. Барлық жиналысқа қатысып отырған ата-анамен сәлемдесіп аталмыш шараның маңыздылығы туралы айтатын «Нұр Отан» партиясының  қалалық   филиалының басшысы сөз беріледі.

2. Барлық жиналысқа қатысып отырған ата-анамен сәлемдесіп қалалық білім басқармасының басшысына  Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің атынан  хат оқу үшін сөз беріледі

3. Астанадан Отбасылық Тәрбиелеу Институның өкіліне сөз беріледі.

ҚР Білім және ғылым министрі

Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлының

Республикалық ата-аналар конференциясының қатысушыларына құттықтау сөзі

Құрметті мектеп басшылары, ұстаздар, психолог мамандар мен бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

Қазақстандық мектептерде оқитын жаңа буынның ата-аналарымен сәлемдесуге рұқсат етіңіздер.

Биылғы жылы біздің елімізде Астана және Алматы қалалары мен облыстарда 7 мыңнан астап мектепке 360 мың бала алғаш мектеп табалдырығын аттады.

Бірінші сынып оқушылары үшін өмірдің ең маңызды жаңа - мектепте білім алу кезеңі басталады. Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Он екі жыл көзді ашып жұмғанша өтеді кетед: 2028 жылы  бұл балалар үлкен өмірге аяқ басып 21 ғасырда Қазақстанның іргесін берік әрі гүлденген мемлекет ету үшін еңбек етуді бастайды. Қазақстан Республикасынң Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын,  Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын.

Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек. Ата-ана мен ұстаз және оқушылармен жұмыс істейтін мектеп психологы мен басқа да мамандар арасында нақты келісім болуы керек. Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральды- адами құндылықтардың біріңғай жүйесін ұсына отырып бір біріне қарама-қайшы келмеуі керек.

Бүгінгі ата-аналар конференциясының міндеті – мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастықтың берік іргетасын қалау. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Отбасылық Тәрбиелеу Институтының 21 ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы   Республикалық ата-аналар конференциясы
«Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек»
конференциясын өткізу бастамасын қолдауы кездейсоқ емес.

Белігілі бір жағдайда балаға психологиялық қолдау көрсету, кәсіби көмек көрсету – бұл проблема өкінішке орай отбасында да білім беру ордаларында әлі күнге дейін орын алып келеді.

Мәселені тек қана отбасы және мектептің өзара тығыз қатынаста ғана шешуге болады.

Білім алу – жауапты, қиын еңбек. Мектепке бару баланың өмірін айтарлықтай өзгертеді.  Мектептегі жаңа жағдайға сәтті бейімделуге қалай көмек беруге болады?  Бүгінгі конференция осы тақырыпта өрбиді.

Құрметті конференцияға қатысушылар! Сіздерді Қазақстанның отбасы күнімен құттықтаймын! Біздің бүгінгі кездесуіміз ата-ана мен мектептің тығыз өзара қарым-қатынасқа дайын екендігін сезінуге септігі тиеді деген сенімдемін.   Қатысып отырған әрқайсыңызда мектеппен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсініп, мектептің жұмыстарына белсенді қатысуға ықылас пайда болады деген үміттемін.

Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының өкіліне  ата-аналар алдында сөз беріледі

Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен бірге конференрциямызда  «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  алғысөзін құттықтау сөзін тыңдадық. Бұл дегеніміз мемлекетіміз балалардың денсаулығын сақтауға, білім алуы мен тәрбесіне көптеген күш пен қаржы жұмсау арқылы біздің отбасымыздың түрлі мәселелеріне қатты көңіл аударып отырғанын көрсетеді.  Өскелең ұрпақтың еңбек және зияткерлік әлеуетін отанның мүддесін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды басты міндеті болып табылады.

Бала мүддесіне немқұрайлылықпен қарау орын алған, ата-аналары баланың тәрбиесіне  жауапты  әрі белсенді  араласудан қашатын  отбасында балалар білім алуда, мұғалімдермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болады.   Ата-ананың немқұрайлығы мен зорлық-зомбылығының қысымындағы бала – екіжүзді, және оның қарсылығы мейрімсідіктен кек пен ызаға айналады. Осымен бір мезетте оның өзіндік адамгершіл қасиеті де жоғала бастайды. Мұндай жағдайда жеткіншек жасындағы балалардың темекі шегу, көргенсіздік,  өзінің міндеттерін елемеу, көбінесе ішімдік ішу және есірткі қолдану немесе кейбіреуі шынайы өмірден компьютерлік ойындармен виртуалды әлемге, әлеуметтік желілердегі виртуалды қарым-қатынастарға еніп кететін  түрлі  әумесерлік қылықтарға бой алдырады.  Отбасының қолдауы мен түсіністігін сезінбеген  жеткіншек қазіргі замандағы теле және интернетке тәуелділік, есірткі,  ойын әуестігі, дүниеқоңыздық сияқты көптеген теріс азғыруларға оңай бой алдырып эмоционалды  салқынқанды бола бастайды.   Әлемде ұятсыз, қатыгез баладан қасіретті не бар?

Ал  егер отбасы махаббат пен  сүйіспеншілікте, кішіпейілділік пен мейірімділікте өмір сүрсе баланың  өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалауы жоғарылап білім алуға деген талпынысы күшейеді; ол сыныптастарымен дос болғысы келеді; ұстаздарына сылайстықпен қарайды. Ол ержеткенде өзінің алдына биік мақсаттар қояды және дегеніне  жетуге барлық күш жігерін жұмсайды. Қазіргі замандағы қиын жағдайда отбасына мектеп тарапына жүйелі және білікті көме керек. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігі  өте қауіпті. Себебі ата-аналық қателіктерді түзете отырып баланы қайта тәрбиелеу баланы басынан бастап бұрыс сөздер айтпай, теріс әрекеттер жасамай тәрбиелегеннен әлдеқайда қиынырақ. Сондықтан да ата-ананың пелагогикалық мәдениетін көтеру кез-келген жеке отбасы мен түгел  қоғамның  міндеті. «Балаларға көмектің ең дұрыс тәсілі бұл – олардың ата-аналарына көмек көрсету» - деп американдық жазушы Томас Харрис дәл айтқандай. Отбасылық Тәрбиелеу Институты конференция бағдарламасын жасап оны тек қана пайдалы ақпараттармен ғана емес

Отбасылық Тәрбиелеу Институты конференция бағдарламасын жасап бүгінгі әрбір қатысушы тағы бір рет баланы жақсы ету үшін – оны бақытты ету керектігін естеріне алуы үшін оны позитивті әсерлі қалып туындататын, бала мен ата-ананы байланыстыратын сол бір керемет сезімді еске түсіретін жылы сезімдерді туғызатын материалдармен толықтырды.

Отбасылық Тәрбиелеу Институты бүгінгі конференцияға қасытушы барлық ата-аналарға жақсы көңіл-күй тілейді.  Сіздердің әрқайсыңызда балаларыңызға сенімді сүйеу болуға жеткілікті күш-жігер, даналық бар екенінен сенімдіміз.

Сіздерді Қазақстанның отбасы күнімен құттықтап «Бақытты отбасы» атты видеоролиқті ұсынуға рұқсат етіңіздер «Бақытты отбасы» (№1 ролик) қосылады.

Әрі қарай мектеп директоры: Құрметті ата-аналар сіздермен бүгінгі конференцияны өткізетін  психолог (ФИО) таныстыруға  рұқсат етіңіздер.

Психологқа сөз (жаттау керек)

Армысыздар Құрметті ата-аналар!!!

Бірінші сентябрь күні балаңыз бірінші сыныпқа барды. Сіздердің әрқайсыңыз бақытты ата-ана болғыңыз келеді, яғни өз балаңызбен мақтанғыңыз келеді. Және біз бәріміз мектепке дайындық кезеңі мен  оқудағы алғашқы айлар қиын кезең екенін жақсы білеміз. Бала үшін бірінші сынып  бұл расында да үлкен өзгерістер уақыты. Мектеп өміріне бейімделу кезеңін әр бала басынан өткереді. Көптеген пайда болған қиындықтар уақыт өте жоғалады.

Мәселен: мектепке барудың  бірінші кезеңінде баланың жағдайы нашарлауы мүмкін. Олар тынымсыз, беймаза, ашуланшақ, гипербелсенді немесе тым енжар болып кетуі мүмкін. Физикалық жағдайы нашарлауы мүмкін. Бірақ бірақ уақыт өткен соң (біреуде ерте, біреуде кеш) барлығы қалпына келеді.  Сондықтан да баланың мектепте білім алуға бейімделуінің ерекшеліктерінің зерттеулеріне арналған психология мен педагогиканың атқарған жұмыс көлемімен танысып, құлақ түргеніңіз маңызды.

Ендігі слайдқа көңіл бөлейік. Экранға назар аударыңыздар!

Екінші СЛАЙД ( сценариді асықпай оқуға болады)

Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау , және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.

Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж. И сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек

Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?

  • Мектепте жаңа талаптар қойылады: мұқият тыңдау, алаңдамау, белгіленген ережелер мен тәртіпке бағыну.
  • Ата-аналар тарапынан жаңа талаптар пайда болады: күн тәртібін өзгерту, бала тәртібіндегі өз бетінше әрекеттердің пайда болуы, бұйрықты өз-өзіне қызмет көрсету арқылы орындау
  • Бала өз құрдастарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі: бала басқалар сияқты оқи аламын ба, менімен балалар дос болады ма, мені түрлі сөздермен не істерімен ренжітпейді ме деп уайымдай бастайды.

Үшінші слайд  (слайдтарды санағымен айтпаңыз, кезекті слайд деп айтыңыз, сценаридегі текст слайдпен сәйкесетіндей етіңіз, бұл үшін алдын-ала дайындалыңыз)

Бала өміріндегі  орын алып жатқан өзгерістер кезінде  ата-аналар төмендегілерді естен шығармауы тиіс:

  • Бірінші сынып оқушылары өте әсершіл болып қала береді;
  • Тез ашуланғыш келеді;
  • Тез шаршайды;
  • Олардың зейіні құбылмалы болады;
  • Тәртібі сыртқы жағдайға байланысты

Балалар әлі ұжымда жұмыс істей алмайды. Мектептегі үйренбеген жағдай барлығына бірдей әсер етпейді: бірінде  психологиялық қысым пайда болса, екіншісінде тәбеттің, ұйқының бұзылуы, ауруға қарсы тұру күшінің бәсеңдеуі сияқты физикалық қысым пайда болады. Бұл жағдайға ескермесе баланың жағдайы күрт төмендеп жұмыс істеу қабілеті нашарлап, оқуға деген қызығушылығы төмендеуі мүмкін. Егер Сіз бен Біз баланың жаңа жағдайын, олардың жас ерекшелігін ескеріп тапқырлық танытсақ біздің балаларымыз бейімделу кезеңін оңай еңсереді.

Бірінші сыныпты болашақтың жетістіктеріне бастау алаңы болуы  үшін не істеу керек? Бірінші сынып оқушысы ата-аналарының  ата-аналық

Что же надо сделать, чтобы первый класс стал стартовой площадкой к успехам в будущем? Поговорим о ТРЕХ важнейших компонентах родительских стратегий родителей первоклассников.

Төртінші СЛАЙД (кезекті)

Үш «Б» заңы
Бейімделу, Бедел, Белсенділік

Баланың мектепте  білім алуға бейімделуі – ата-аналар міндеті: бірінші сынып оқушысына эмоциялық және рухани қолдау көрсету, үйренбеген жағдайға бой үйретуге  көмек беру,

Бедел– ата-аналар міндеті: ата-аналар беделін жаңа деңгейге дамыту және күшейту, мектеп пен мұғалімнің беделінің қалыптасуы.

Белсенділік – ата-аналар міндеті: Мұғаліммен  тығыз байланыс орнату, бала келіспеушіліктің әсерінен зиян шекпеуі үшін мектеп талаптарын алдын-ала талқылау, кеңестерге құлақ түру, жалпы жұмыстар мен мерекелік шараларды ұйымдастыруға көмек беруді тоқтатпау, себебі, үлкендердің мектеп өміріне көбірек қатысуы балаға оң әсерін береді. Осыдан кейін ғана ұлыңыз  немесе қызыңыз  өз ата-анасымен мақтана алады.

Баланың мектепте білім алуға бейімделуі

Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

v Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар  қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!

v Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда   балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы  мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын  түсінесіз.

v Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен  яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай  балаға  бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз: бала сіздің махаббатыңызға   өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады

Егер балаңыз  оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса,  ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

Алтыншы ШЕСТОЙ

  • Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз.
  • Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.
  • Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.   Оның әрбір жұмысынан  мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.
  • Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

Жетінші слайд

Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.

Ø Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.

  • Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.
  • Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді.
  • Есте сақтаңыз:  күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.
  • Компьютердегі  ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.
  • Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз  (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз.

Күн тәртібін сақтауға дәрігерлер де кеңес береді, себебі, ол бала қозғыштығы мен ашуланшақтығының  бірден-бір емі. Жұмыс істеу қабілеті күн бойына бірдей емес. Гигиенист дәрігерлер жұмыс істеу қабілеттілігінің  арту кезеңі 8-11 аралығы, 16-18 түс қайта, содан соң жұмыс істеу қабілеті күрт төмендейді. Сол үшін үй жұмысын орындауды кешкі уақытқа ысыру жемісті болмайды.

Бала мектепке тек психологиялық тұрғыдан  ғана емес физикалық тұрғыдан да үйрене бастайды. Көптеген балалар бірінші сыныпта алғаш рет танертең  бір уақытта тұру  мәселесіне тап болады. Мектеп уақытымен оқушы 3 -6 сағат белсенді сабақ оқиды. Алты-жеті жаста мұндай ауыртпалық ересек адамның қауырт жұмыс күніне тең. Мектеп басталған уақытта баланың  омыртқа, көру,  есту  нерв жүйесіне түсетін жүктің ауыртпалығы күрт күшейіп кетеді.

Егер сіз бұған дейін күн тәртібін сақтамаған болсаңыз, оны жәйлап енгізуге тырысыңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз уақытылы және созылмалы ұйқыны қажет етеді. Оқушыға күнделікті бір уақытта ұйықтауға үйренуге көмек беріңіз. Баланы мектептен келе үй тапсырмасын орындауға отырғызбаңыз. Балаға демалып алуға уақыт қажет. Бұл оқу процесі үшін де маңызды.  Демалыс уақытын ми «жаңа білімді керек таяқшаларға енгізу» пайдаланады. Өзімізге  жұмыс күнінен кейін керек  шамалы уақыт тыныштық пен демалыс балаға да керек. Балаңыздың денсаулығына қараңыз , себебі мектепте алғаш білім алудың бірінші айларында күн тәртібіндегі қателіктер бұрынғыдан қарағанда күрделі нәтижесін береді.

Тілек сөзбен видеоролигі қосылады.

№10 видеороликтен соң психолог қатысушыларға ескертпелерді таратуды ұсынады.

Ескерпелерді тарату (10 минут, музыка өосулы тұрады)

Ескертпелерді таратқаннан кейін психолог жалғастырады.

Отыз бесінші слайд

Мен сіздердің барлықтарыңызға зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Бүгінгі конференциядан алған ақпараттарыңыз бен ескертпе сіздерге және балаларыңызға көмегі тиеді деген үміттемін!

Давайте никогда не забывать, что:

Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар-
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар...
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!
Мақтаншақ қой демегін!

Отыз алтыншы слайд

Құрметті ата-аналар! Біздің конференциямыз өз мәресіне жетті. Бірақ отбасылық Тәрбиелеу Институты сіздермен қоштаспайды,  сіздерге берілген ескерт пелерді мұқият оқып, ондағы ife.kz. сайтында әрі қарай баланыста болуға  шақырады.  Сайтта сіздерге бірінші сынып оқушыларыныцң ата-аналарын оқыту бойынша бағдарлама ұсынылған.  Бұл бағдарламада оқу барысында сіз «Менің балам мені естімейді және менің өтініштерімді елемейді». «Менің балам қорқады». «Менің балам қулық істейді». «Менің балам өзімшіл». «Менің балам әдепсіздік жасайды және ерегіседі.» сияқты сұрақтар туындағанда не істеу керектігін біле аласыз. Сіздің балаңыз ынтасыз,  елгезек болса, жанжал шығарғыш, долы мінезін көрсетіп дау-дамай шығарса не істеу керек. Мұндай теріс қылықтарды тоқтаусыз жалғастыра беруге болады.  Осы және басқа да сұрақтарға жауап алу үшін міндетті түрде оқу керек.  Сонда ғана Сіз өзіңізді толғандырған сұрақтарға толықтай жауап ала аласыз.

Сіздер туралы «Қандай керемет отбасы» деп айтқанын қалаймын достар!

Құрметті ата-аналар! Сіздерге және бірінші сынып оқушысына сәттілік тілейміз !

Осымен бүгінгі жиналымыз жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Музыка қойылады. Ата-аналар орындарынан тұрып қошемет көрсетеді!!!

Соңғы өзгертулер 09.01.17 08:03
 
Экология – ел тағдыры
Қосқан Автор   
28.11.16 09:39

Сабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдыры
Сабақтың мақсаты:    Табиғатты қорғау.  Экологиялық тәрбие  негізін
қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,
қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының
қатарын молайту. Экологиялық   апаттарды
болдырмауға  атсалысу.
Көрнекілігі: «Жер-ананы жылатпайық» суреттер топтамасы. «Қызыл кітап». Күлімдеген күн,  түнерген бұлт суреттері,  жалаушалар, бүктеме қағазадар – «Табиғатты аялайық», «Туған өлкем – тұнған шежіре».
Нақыл сөздер:
1. Экология – тағдыры.
2. Табиғатсыз  адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Жер байлығы – ел байлығы.
4. Туған жердей  жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5.  Өз елінің тасын сыйламаған,
Өзге елдің тауын да сыйламайды.
6. Күте білсең, жер жомарт.

Кіріспе сөз. (Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта,  ол адам
баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған.  Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.  Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған  қалдығынан адамның  көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының  іс-әркеттерінен болған қалдықтардан  өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес — өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес  әрқайсымыз  өзіміз өскен ортаның  табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген  аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының  алтын ұясы, аялы бесігі,  құтты қонысы  және өсіп-өнген мекені.  Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп  тұрғанын анықтап, өз көмегімізді  беруге дайын  болуымыз керек.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз  осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар  мен оқушылар! Бүгінгі   5 «б»  сынып оқушылары дайындаған «Экология – ел тағдыры» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған  тынысың.
Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,
Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!
2-жүргізуші:
Ей, адамдар!
Күн мен гүлден жаралған,
От сезім мен мейірім содан таралған.
Тіршілік иесі – Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде,
Ах, ұрады  дүние,
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар, кім ие?
1-жүргізуші:
Пәк  ауаға кешегі кім налады?
Түтін, тұман аспанды тұмшалады.
Кір шалады аққулардың қанатын,
Соны ойласаң, көңілді кір шалады.
2-жүргізуші:
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба, өзі тұрған өңір налып?
Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға,
Енді жауса жауады қоңырланып.
1-жүргізуші:
Бар дейсің бе, өмірде азап ондай,
Дүние озса, ол енді азады оңбай.
Адам таза болмайды ешқашанда,
Айналайын табиғат таза болмай.
1-оқушы:
-Экология! Бөтен сөз.
Бір туғаның бірақ та.
Білгенге бұл көсем сөз,
Мәңгі қалар құлақта.
«Эко-эко» — үй, Отан,
Ежелден-ақ грекше,
Сөз патшасын ұнатам.
Жүрегіме гүл ексе,
Бізге ғылым – «логия».
Тұтқасы бар әлемнің,
Онсыз мекен жоқ  ұя.
Жоқ киесі өлеңнің,
Өз үйің — өлең төсегің,
Табиғат боп қалады.
Оған атқан кесегің,
Өз басыңды жарады.
2-оқушы:
Экология — өмірдің,
Соғып тұрған жүрегі.
Ей, табиғат, балаңмын,
Ертеңіңе алаңмын.
Денсаулығы ғаламның,
Денсаулығы адамның!
3-оқушы:
Кеудемізді ұрғылап,
«Бағын, Табын, Жер» дедік.
Жер мен көкті бұрғылап,
Арамды да жерледік,
Табиғатты тонадық.
Байлық үшін бір күндік,
Жерді атомға мола қып,
Кештеу жалған түсіндік.
Айта алдық па, «Бұл сыйым –
Ал табиғат саған!» деп,
Тепе-теңдік заңы бар,
Табиғатта,  ғаламда,
Кім бұзса, сол –жануар,
Ұқсағанмен адамға.
4-оқушы:
Арал қашып алысқа, сағындырды,
Көбікті іздеп, кез еді сағым мұңды.
Сортаң жердің сораңын дауыл жұлқып,
Өртейді күн аптабы, шағыл құмды.
1-жүргізуші:
Табиғаттың сұлу-сымбат  мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың  бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ  көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан  ашырлық  ерекше орын  алған.
Тиме  аққуға!
Мендейлердің атын ал, түйесін ал,
Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.
Мендейлердің затын ал, биесін ал,
Тиме аққуға  аққудың  иесі бар…
Кеудемде жүрек барда басыла  ма ой,
Тиме аққуға кіршіксіз  асыл ар ғой,
Тимеңдерші көлімнің көркі  болсын.
Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой…
«Аққу» биі.
2-жүргізуші:
Республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда  жағдайы қиын деп туған мекенді тастап қайсыбір ұлт,  ұлыс өкілдері тәрізді  басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ, не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күрес әрқайсымыздың  азаматтық борышымыз.
Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын  талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға  айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда.
Жолаушы:
-О, Жер ана, неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған сенімен бірге бүкіл далам түнеріп тұр.
Жер Ана:
- Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын. Қарашы  мына далама, не болып жатыр? Нені көрмеді жерім де, елім де тозды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалап шалқақтаған шағалаларым қайда? Теңіздің суы тартылып,   жердің шаңы шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның қаңқасы қалды. Адамдардың көбісі ауруға шалдықты. О, адамзат! Не ойың бар?
1-оқушы:
Ей, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетесің, бересің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің?

Айың анау, күнің анау, жер міне,
Ау, адамдар жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
2-оқушы:
Безіндіріп құмдағы, сордағы аңды.
Жер соқтырды,
Жылатты мәз даламды.
Қоғам азған, ел, азған, Заман азған.
Бірақ жерім дәл бұлай азбағанды.
3-оқушы:
Төнді қауіп адамға, төнді әлемге,
Мыңқ етпейді кей ауру емдеріне.
Суыңнан шөл, малыңнан жан уланып,
Айналды өмір өлімнің шеңберіне.

4-оқушы:
Біздің көшіп, қонып жүріп, өмір сүрген ата-бабамыздың  өз денсаулығын сақтау үшін  күнделікті тіршілігінен  шығарған қағидасы – жер саулығы болғанда ғана адамның денсаулығы болатындығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.
5-оқушы:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін тер төгейік.
1-жүргізуші:
Ей, замандас!
Ең алдымен досыңды ұқ.
Досың – жер, су, мөлдір ауа, өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық.
Қорытынды сөз (мұғалім сөзі).
Табиғат — бәріміздің  ортақ  үйіміз. Қазіргі кезде табиғат бізден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін жерді дұрыс пайдаланып, жасыл өсімдіктерді молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық, оны таза күйінде болашақ ұрпаққа  табыс ету – біздің парызымыз.

 

Соңғы өзгертулер 28.11.16 09:40
 
«Тағылым» тәрбие жүйесінің бағдарламасы
Қосқан Автор   
23.11.16 11:19

«Тағылым» тәрбие жүйесінің бағдарламасы

ЖОСПАР:

1. Тәрбиенің мақсат – міндеттері

2. Тәрбие жүйесі

3. Тәрбие жүйесінің бағыттары

4. Тәрбие жүйесін іске асыру жолдары

5. Жаңа педтехнология тәрбие ісінде

6. Тәрбие түрлері

7. Тәрбие сағаттарының бағыттары

8. Ата – аналармен байланыс

9. Күтілетін нәтижелер

10. Бағдарлама негізінде күтілетін нәтижелер:

11. «Жеке тұлға» даярлаудағы оқушы бейнесі

12. Қорытынды

13. Қосымшалар

Бал-дәурен балалық шақ, жаңа отырғызылған өрімтал ағаш сияқты нәрлі қорек пен аялы алақанның жылуын сезініп, аналық мейірім мен әкелік қамқорлықтың таусылмас аясында өрбіп - өсіп, тәрбиеленуі тиіс.

Қазақ  халқының тәрбие тағылымы, ізет пен әдептен және инабат пен парасаттылықтан басталатыны белгілі. Бала тәрбиесі - ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады.

Мектеп – халықтың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше, егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттік жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру мен тәрбие жүйесін құру керек.

Ал “мектептің тәрбие жүйесі” дегеніміз не? “Мектептің тәрбие жүйесі педагогикада кең ұғымды білдіреді. “Тәрбие жұмысының жүйесі” дегеніміз – мектептегі, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткізілетін іс-шаралар. Сондай-ақ ол – белгілі бір тұтас педагогикалық кешен, бір бағыттағы тәрбиенің мақсаты, өзара қарым – қатынас орталығы анықталған, тиімді тәрбиенің бірнеше бөліктерінен тұратын үрдіс. Бұл үшін ең алдымен “ мектептің жан дүниесін”, яғни “мектептің тұжырымдамасын” жасау керек.

Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой – беделі оның шәкіртінен көрінеді. “Шәкірттің жақсы болмағы, ұстазынан” деп халық тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні тереі, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған.

Ұстаз өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты тұлға жасайды. Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: “ Балаларға сабақ берумен, білім үйретумен мұғалімнің қызметін үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол – шәкірттерінің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, қауіп-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күні бұрын сақтантыратын қорғаушысы, қамқоры”. Демек, мен ұстаз ретінде

осы тұжырым мен кестеге қарап, тәрбие жүйесіне мынадай мақсат қойдым:

Тәрбие жүйесінің тақырыбы:

“Қазіргі заман мектебі сынып жетекшісінің қызмет ету жүйесі”

Менің өзекті тақырыбым:

«Құзыреттілік тәрбие негізінде оқушыларды өзінің және қоғамның мүддесінде өзін -өзі белсенді етуге дайын, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу»

Педагогикалық ұстанымым:

Жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету. Ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін Азамат тәрбиелеу.

Мақсатым:

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

«Тағылым» тәрбие жүйесінің бағдарламасы

Тәрбие бағыттары

Тәрбие

мақсаттары

Тәрбие міндеттері

Тәрбие мазмұны

Тақырыбы: “Ұлттық тәрбие – рухани байлық”

Ұлттық тәрбие негізі (1-4 сыныптар)

Ұлт алдындағы үлкен парызды терең түсіндіру

-Ұлт мүддесін терең түсінуге үйрету;

-Ізденісті мұрат еткен ұлттық өркениеттің ең басты күш екенін сезінуге баулу

-Ұлттық рухани көзқарасы қалыптасады;

-Ұлтжандылыққа тәрбиеленеді;

Ұлттық тарихи шежірені, салт-дәстүрді терең меңгереді.

Тақырыбы: «Өзіңді танығаның-бүкіл ғаламды танығаның»

Өзін-өзі тану

(5, 6 сыныптар)

Дүниені танып білуге деген сыни көзқарастарын дамыту

- өз-өзіне сын көзбен қарауға үйрету;

- рухани байлықтарын дамыту.

- Балалардың дүниетанымы кеңейеді;

- қиялын дамыту арқылы «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады

- еркін сөйлеуге үйренеді;

- басқаларды тыңдауға үйренеді

Тақырыбы: «Құндылық ұғымы және мен»

Құндылық

(7, 8 сыныптар)

Ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру

-дүниетанымдық көзқарасын өзгерте алуға баулу

- рухани байлықтарын дамыту

- Іскерлік дағдылары қалыптасады;

- практикалық іс-әрекетте болады

- қарым-қатынас мәдениеті болады

- ортақ идеяға келеді.

Тақырыбы: «Жеке тұлға және қоғам»

Құзырлылық

(9-11 сыныптар)

Ашық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаны дамыту

- Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру

- салауатты өмір салтына бейімдеу

- Шығармашылық тұлға қалыптасады;

- Тәуелсіздік, еркіндік қасиеттері қалыптасады;

- Көшбасшылық ақыл-ой қабілеті қалыптасады.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін - білім”, - деп атап көрсеткендей, рухани ұлттық қажеттікке жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана болашақты гүлдендіреді. Ата – бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту – мектептің міндеті. Осы міндетті орындау барысында “Білім туралы” заңға сүйенеміз. “Білім туралы” заң- білім беру саласындағықоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндағы ендігі міндет – білім беру ұйымдары, мектептер, негізгі тұлға педагогтар, шәкірттер ата- аналар, бүкіл жұртшылық заңды өмір жүзіне асыру, оның талаптарын орындау үшін еңбек етуі керек.

“Тәуелсіздік елдің ұлы- өжет, қызы – қайратты, халқы - қаһарман”, осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Ал тарих шежіресі қаншалықты бай болса, ұлттық тәрбиенің соншалықты құнды болатындығы мәлім. Сондықтан да “Бала тәрбиесі” қашанда киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі. Ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Егемен елдің келешегі- кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты болғандықтан бастауыш сыныптағы тәрбие бағытын “Ұлттық  тәрбие – рухани байлық” деп алдым.

Қазіргі мектеп оқушыларға құбылмалы әлемге бейімделуге, өзін жеке өмірінде, болашақ кәсіптік әрекетінде танытуға мүмкіндік беретін радикалды өзгерістерді талап етеді. Сондықтан да 5,6 сыныптардағы тәрбие бағытының тақырыбын “Өзіңді танығаның – бүкіл ғаламды танығаның” деп алып, қоғамдық жаңарулар тұсында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруге бағыттадым.

Ғылым мен білімнің тылсымдарын меңгеру, өнер мен мәдениет өріне өрмелеу өскелең жастың тұғырнамасына айналса, оған апарар жол тек қана жоғары дәрежелі тәрбиелік пен мәдениеттілік екені даусыз. Қазақ халқының тәрбие тағылымы, ізеттілік пен әдептілік тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен әрі үлкен жауапкершілікпен қарап, жас жеткіншектің ізетті әрі әдепті, инабатты әрі парасатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ақылмен сөз астарын түсініп, ойлы да ұтымды жауап бере алатын, өз халқына қызмет қылуды риясыз мұрат тұтқан, егеменді елдің азаматын тәрбиелеу болмақ. Срндықтан да 7 – 8 сыныптардағы тәрбие жүйесінің бағытын “Құндылық ұғымы және мен” деп алып, оқушылардың ғылыми негізделген көзқарасын қалыптастыруға бағыттадым.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім негізіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы білім жүйесі жаңаруды, білім мен тәрбие жүйесі мақсаттарын қайта қарауды талап етіп отыр. Сондықтан да 9 – 11 сыныптарда тәрбие жүйесінің бағытын “Жеке тұлға және қоғам” деп алып, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға, тұлғаның өзін - өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой – пікірлерінің  туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін тәрбие әрекетін ұйымдастыруға бағыттадым.

“Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”, - деп көрсетілген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Ендеше еліміздің ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы- жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру шарт.

Ұрпақ ұлтты ғана жалғастырмайды- ұлттық рухты жалғастырады, ұлт бірлігін, басқа ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен мәдениетін, салт – сана, дәстүрлерін насихаттау арқылы дәнекерлейді.

Отан сүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақтың ғана емес, әрбір қазақстандықтың бойына дарыту бағытында жұмыс жасауымыз керек. Сол уақытта біздің халық тамырын тереңге жаяды, әлемдік өркениетте алдыңғы орында болады. Оған Н. Ә. Назарбаевтың “Болашақта Қазақстан азаматтары деңгейіне көтеріледі, сөйте тұра олар өздерінің жедел дамып келе жатқан, күллі әлемге әйгілі де қадірлі бейбіт елдің патриоттары болып қалады”, - деген пікірі дәлел.

(1 қосымшаны қараңыз)

(Тәрбие бағытындағы шығармашылық жұмыстарымды негіз етемін)

Бағдарлама негізінде күтілетін нәтижелер:

1. Баланың өзін тануға жолдама алуы.

2. Өзіндік пікір, сигналды ойдың қалыптасуы.

3. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде  болуы.

4. Оқушының дүниетанымының, сахналық шеберлігінің артуы.

5. Оқушының сапалы білімнің, саналы тәрбиенің қажеттілігін сезінуі.

6. Қоғамды танып білудің, сыртқы ортамен байланысының алға басуы.

7. Ең бастысы - өзіне деген сенімнің артуы, Абай тілімен айтқанда, «болмаса да ұқсап бағуға тырысу»

Қорытынды:

«Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей тәрбие мен оқу қатар жүріп, дамып, өрбіп отыратын процесс. Тәрбиесіз берілген білім ертеңгі ұрпақтың үлкен қайғысы. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жариялық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айырықша ден қойылуы тиіс. Себебі: жаңашыл (инновация) мектептерде, педагогикалық білім берудің мақсат, міндеттерін толық анықтау, білім мазмұнын жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа мазмұндағы оқу, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жасау жұмыстары Республика ғылымдары мен көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының назарында. Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани –адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлары: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмде, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн.

Иә, осылай деп қарастырсақ та тәрбие көзі отбасынан қаланатыны шындық емес пе? Ендеше қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған.

Ал ұстаздар қауымына ең бастысы, оқушылар өзінің Отаны Қазақстан патриоты болуды, азаматтық белсенділігін көрсетуді, саяси жүйені түсінуді, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білуді қалыптастыру бағытында еңбектенуді қажет етеді.

Қосымша 1

Тақырыбы: «АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ»

Мақсаты:

Оқушыларды өмірдің негізгі құндылығымен таныстыра отырып, олардың өзіндік көзқарасын қалыптастыруға көмектесу.

Міндеттері:

а) Оқушылардың өзінің талғамын анықтау үшін жағымды, жағымсыз қасиеттерін зерттеуге  ұмтылады;

ә) Өз кемшіліктерін өзі реттеп, өзін-өзі тәрбиелеуге талпынады.

б) Парасатты, сауатты да қарым-қатынас мәдениетін үйренген азамат қоғамның құнды тұлғасы екендігіне көз жеткізеді.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, «Түс тану», «Галереяда ой шарлау»

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакатта жазылған оқушылардың жұмысы, нақыл сөздер, галереяда ой шарлау парағы, түйінді сөздер жазуға арналған таратпа қағаздар.

І Ой қозғау. «Түс тану»

1. Қай түспен жазар едің?

(Оқушылар әуелі түс таңдайды, сосын ол түсті неге таңдағанын түсіндіріп береді)

Мысалы, жасыл – жастықтың түсі, қызыл – ашық, сигналды түс, көк – Отанның символдық түсі, сары – күннің шуағы.

Оқушыларға тапсырма:

Берілген «АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ» сөздерін таңдаған түстеріңмен жазыңдар№

1. Оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін, оны мұғалім қорытындылап, топқа бөледі.

ІІ Мағынаны тану «Галереяда ой шарлау»

1. Сынып үш топқа бөлінеді де, әр топ  берілген сөздердің бірін таңдап алады. (ақыл, ғылым, бақыт)

2. Плакаттың ортасында басты мәселе – проблема жазылады, топтағы оқушылар өздеріне бір бұрышын бөліп алады да, сол мәселенің шешу жолдарын жазады - өз ойын білдіреді.

1. Әр топтың спикері топ жұмысын қорғайды.

2. Мұғалім оқушылардың ойын қорытындылайды.

Аңыз

Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті.:

Бірінші – бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен байланыс, сонда көп жасайсың,-депті.

Екінші – ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүниежүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсйң, бірақ та бар ғаламды өзіне бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен байланыс. Сонда абыроймен ұзақ жасайсың,-депті.

Үшінші – ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да, кетесің. Ашу бүлдіріп – бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.

Барыңдар, ақыл, сен адам бол, ғылым, сен ат бол, бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, ешбір мұқтаждарың болмайды,-депті.

ІІІ Ой толғау «Түйінді сөздер»

Әр оқушыға берілген түйінді сөзді бүгінгі тақырыппен байланыстырып өз ойын айтуы керек.

Түйінді сөздер:

Отан, мектеп, болашақ, өркениет, халық, қоғам, адам, тұлға, экономика, әдеп, құрмет, әлем, қазына, байлық, талап т.б.

(Жоғарыда көрсетілген үш фаза және нақыл сөздер бәрі де слайдтар арқылы интерактивті тақтада көрсетіліп отырады.)

Қосымша 2

Тәрбиедегі ата- ананың рөлі

Бала тәрбиесі- ата- ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата- ананың үйдегі іс- әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бала тәбиесінің алтын қазығы – туған ұясы, өз отынын басындағы ата- ана тәрбиесі, өнегсі. Қазақта “Баланың бас ұстазы- ата - анасы” деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс алмаса ,есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді.

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл – Фараби “ Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” – десе, Жан – Жак Руссо “Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шимайды қалай салсаң , қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді” деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы ,ақыл – ойы, сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Бала ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі . Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесә. Халықтық педагогикадағы ұрпақ тәрбиесіне келетін болсақ: бұрын қазақ халқының әрбір отбасы өзінің ұрпағын ақылды, ержүрек, жарамды етіп тәрбиелеуді жеке басының жұмысы деп қарамай, ұлтының, Отанының ертеңі, болашағы тұрғысынан өзнің қоғамдық борышы деп қараған. Сондықтан әрбір ата- ана баласын ар – намысты болуға, адамгершілікке , мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Үмітті ұрпақ деп қараған баланы баулып тәбиелеуге бір ауыл, бір рулы ел ғана емес, тіпті бір тайпалық ел ақсақалдары мен атқа мінерлері, көсемдері мен шешендері тегіс көңіл бөлетін болған. Оны ата – бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адам болу үшін – ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, ал қызға қырық уйден тыю болған.

Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт- байлық ошағы, адамзаттың өсіп - өркендеп, тәлім- тәрбие алатын қасиетті ұясы. Ал әйел- қасиетті ұяның алтын тірегі отбасының ұйтқысы.

Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар.

Адам болудың парызы тек осы қырық тыйымға ғана шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар ер балаларға да арналған өсиеттер қалдырған. Мысалы,

Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі

Өзіне келер ұятты,

Өзі біліп тұрса игі

Қазақ халқы адамның жеті жетекшісі бар деп, ұрпақтарының болашағын жеті ауыз сөзбен түйіндейді.

Олар мыналар:

1. Адамның басшысы- Ақылы 5. Қорғаны- Сабыр

2. Жетекшісі- Талап 6. Қорғаушысы- Мінез

3. Жолаушысы- Ой 7. Сынаушысы – Халлық

4. Жолдасы- Кәсәп

Сондықтан ата- ана, ұстаздар болып жас ұрпаққа жан- жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

Жалпы диагностикалауды үш бағытта жүргізуге болады:

1. Оқушының білім сапасын диагностикалау

2. Мұғалімнің қызметін диагностикалау

3. Жеке оқушының дамуын диагностикалау

Үшінші бағыт бойынша оқушы мүмкіндігін терең зерттеп, мінезіндегі ерекшеліктері мен қабілетін, оның белсенділігі мен талап тілегін және отбасы ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана педагогикалық білім мен психология өз үйлесісін табады.

Отбасының қазіргі кезеңдегі функциялары

- тәрбиелік

- рухани – адамгершілік

- таным – білімділік

- тұрмыстық

- еңбекқорлық

- мәдени білімділік

- шығармашылық – демалыс

Отбасының негізгі міндеттері:

- баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыруы

- бала денсаулығына қамқорлық жасау

- баланың оқуына көмек беріп отыру

- еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу

- баланың жан- жақты дамуына көмектесу

- баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыиу

- баланы өзін - өзі тәрбиелеуге, дамытуға бейімдеу

- балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

Отбасының тәрбиесінің мәңгілік компоненттері:

- отбасы тәрбиесіндегі ахуал (дәстүр, жылылық, қарым- қатынас)

- жанұя өмірінің тәсілі

- ұрпақтар сабақтастығы (әке, шеше, ата ,апа, балалар)

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары

- тәрбиелік- дамытушылық

- қалыптастырушылық

- бақылаушылық

- тұрмыстық

- хабарламалық

Міндеттер:

- ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру

- ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру

- ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру

Сынып жетекшісінің ата – аналармен қарым – қатынасының формалары

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары:

- ата- аналар жиналысы

- жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар

- ұстаздың жеке ақынл – кеңесі, әңгімесі

- оқушылардың үйін аралау

 

Соңғы өзгертулер 23.11.16 11:20
 
«Гүлдене бер,менің Қазақстаным!» тақырыбы
Қосқан Автор   
23.11.16 11:18

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығын мерекелеу аясында

«Гүлдене бер,менің Қазақстаным!» тақырыбында

Ақпарлама

10.12.2013ж  күні  1-4 сынып және 5-11 сыныптар арасында

«Менің Қазақстаным» атты патриоттық сынып сағаттары өтті.

11.12.2013ж -12.12.2013ж  күні 7-8 сыныптар аралығында

«Қазақстан-Тәуелсіз мемлекет» тақырыбында қабырға газеттерінің байқауы өтті.

10.12.2013-15.12.2013ж күні  3-6 сыныптар аралығында «Ұлттық киімдер» тақырыбында шығармашылық көрме өтті.

10.12.2013ж күні 2-6 сыныптар арасында «Бұл біздің Қазақстан» тақырыбында суреттер байқауы өтті.

14.12.2013ж күні 5-6 сыныптар арасында спорттық жарыстар өтті.

15.12.2013ж күні «Қазақстан Тәуелсіз мемлекет» тақырыбында көрме өтті.

 

21.12.2013ж күні «Жас ұлан» қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті.

Соңғы өзгертулер 23.11.16 11:18
 
Алтын күз
Қосқан Автор   
23.11.16 11:17

Мақсаты: Оқушылардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімін кеңейте түсу, күз айларындағы мерекелі күндердің тарихын білгізу, күз байлықтарын, астық, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру, еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.
І. Басқарушы тәрбие сағатының тақырыбын хабарлайды.
Қыркүйек айы: Менің қазақша атым «қыркүйек», күздің бірінші айымын. Ал балалар мен туралы не білесіңдер?
Оқушылар хормен: І - қыркүйек - жаңа оқу жылының басы, Білім күні!
Мектебім әні хормен орындалады.

1 - оқушы: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде
Жүзбек боп білім теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын заңның арқасы

2 - оқушы: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шытырлап
Тамшы жерге секірді
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалжырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алған маужырап

3 - оқушы: Күзім - ау, күзім - ау!
Мінезің бұзық - ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық - ау
Бау - бақша тосады
Тосады достарым
Дастархан толған дәм
Жайдары аспаным
Ойнаймыз күлеміз
Достықты білеміз
Айырып болмайық
Тұрғандай кім егіз

4 - оқушы: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Құстар қайтты ән салып
Бұлт торлады аспанды
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды

Қазан айы: Менің атым «Қазан». Күзгі жиын - терімін соңғы айымын. Еңбектер елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?

Хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Мұғалімдер күні
«Ұстазым»әні орындалады
Қараша айы - Менің қазақша атым Қараша. Күздің соңғы айымын. Менде қандай ерекшелік бар?
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.
«Еңбек» әні орындалады
Күз айлары: - Ал балалар, сендер біз туралы, біздегі мерекелі күндер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Ендігі кезекті күз байлықтарына береміз.
Егін - жеміс, алма, өрік, шие, жүзім, қауын, қызанақ суреттерін қолдарына ұстаған оқушылар ортаға шығып, жаттаған өлең жұмбақтарын айтып береді.
Хормен: Молшылық күз - береке күз
Береке күз - мереке күз
Басқарушы: Қараңдаршы көзің тоймас
Күз деген бір жақсы уақыт
Ой да қыр да таудың ішін
Бір молшылық жатқан шалқып
Ал балалар кім біледі
Неге айтамыз «Алтын күз» деп?

Жеміс: «Алтын күз» деп Біз айтамыз сол үшін де
Сары алтындай сары қауын көп піскен соң бақ ішінде
Жапырақ: Жаңа піскен алма баққа, көзің тоймас қарасаң да
Қараңдаршы сары алтындай, жапырақты қайың талға
Мұны көріп күзді қалай, теңемейсің сары алтынға

Егін: Қараңдаршы қандай сұлу
Бидай басқан мына дала
Әрбір адым, әрбір жота
Алтын жайып тастағандай
Хормен: «Ақбидай» әні орындалады.
Күз айлары: Ендігі кезекті жұмбақтар айтысына береміз.
Жұмбақтар:
Қорытынды:

 

 

Соңғы өзгертулер 23.11.16 11:18
 
<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>

Бет 8 из 56